Елімізге құйылған шетелдік инвестиция көлемі 350 млрд доллардан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 350 млрд доллардан асты.

"KazakhInvest" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 2019 жылы Қазақстан тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағынының көлемін 2018 жылғы деңгейде сақталды, 0,6%-ға аздаған құлдырау тіркелді. Осылайша 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға ТШИ жалпы ағыны 24,1 млрд долларды құрады, ал 2018 жылы 24,3 млрд доллар болған.

 Инвесторлар қай салаларды тандайды?

 Тау-кен өнеркәсібі шетелдік инвестициялардың ең көп көлемін тартады. Бұл салаға бастап ТШИ-ның ең көп көлемі немесе барлық инвестициялардың 56,3%-ы түсті. 2019 жылы шетелдік инвестициялардың рекордтық көлемін тарттып, $13 586 млн-ға жетті. Бұл 2018 жылдың нәтижесінен $20 млн-ға жоғары. Бұл ретте салада құрылымдық өзгерістер болды: металл кендерін өндіруге ТШИ ағынының көлемі 60%-ға ұлғайды,ал көмір мен лигнит өндіруге 60% - ға төмендеді.

Өңдеуші өнеркәсіп $3,5 млрд, сауда $3 млрд, ал көлік, қаржы және сақтандыру қызметі $2,7 млрд-тан астам сомаға инвестицияланды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша бірқатар салалар инвестиция ағымының күрт өскенін көрсетті. Ең үлкен көтерілу тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету саласы – 10,5 есе ($175,6 млн.), сумен жабдықтау саласы – 3,1 есе ($18,4 млн.), көлік – 50,7% ($371,7 млн.) көрсетті.

Бұл фонда ақпарат және байланыс саласында – 31,4%-ға ($58,1 млн. - ға), кәсіби, ғылыми – техникалық қызметте-24,8%-ға ($167,1 млн-ға), қаржылық және сақтандыру қызметінде - 22,4%-ға ($293,2 млн-ға) инвестициялар ағынының азайғаны байқалды.

Өз кезегінде инвесторлар азық-түлік өнімдерін, сусындарды және темекі өнімдерін өндіруге 50%-ға артық қаржы жұмсады.

 Қазақстанға кім көп инвестиция салды?

 2019 жылы еліміздің экономикасына қаражаттың ең үлкен көлемін салған бес ел өзгеріссіз қалды. Бірінші орында $7,3 млрд инвестицияларымен Нидерландыдан келген инвесторлар. Бұдан әрі АҚШ – $5,5 млрд және Швейцария - $2,2 млрд. Айта кету керек, қытайлық инвесторлар Ресей Федерациясын озып 4-ші орын алды, ал РФ бестікті жапты.

Көшбасшылар кезектілігінің өзгерістерімен қатар, Қазақстан экономикасына инвестициялардың өсу қарқыны бойынша көшбасшылық пальмасын Сингапур кәсіпкерлері ұстап отыр, осы мемлекеттен ТШИ жалпы ағынының көлемі 7 есеге артып, $ 166 млн-ға жетті.

Мұнда сингапурлық Kinder World International компаниясының Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында үздіксіз білім беру мекемелерінің құрылысы бойынша жобасын атап өту қажет. Бүгінгі күні жобаға жер телімдері бөлінген. Алдағы уақытта сингапурлық стандарттың мектептері қазақстандық оқушылар үшін өз есігін ашады.

Түрік инвесторлары Қазақстанға инвестиция көлемін 20%-ға арттырды. 2019 жылы олар Қазақстандағы жобаларға шамамен $358 млн салды. Түрік инвесторларының ірі жобаларының бірі Қарағанды облысында жылына 144 мың тонна ферросилиций өндіретін зауыт болды. Өндіріске $93 млн. астам инвестиция салынды.

Бүгінгі таңда Түркиядан келген инвесторлар көлік (әуежай құрылысы), машина жасау (тұрмыстық техника өндірісі), химия (кальценирленген сода өндірісі), ТМК (геологиялық барлау), туризм (қонақ үй кешендері), сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы 4 жобаны (ауруханалар мен диагностикалық орталық) іске асыруда.

Сондай-ақ, Беларусь пен Франциядан тікелей шетелдік инвестициялар ағынының оң динамикасын атап өткен жөн. 2019 жылдың қорытындысы бойынша беларусь инвесторлар салымдардың көлемі 50% - ға, $59 млн-нан $87 млн-ге дейін, ал француз инвесторлар – 17% - ға, $916 млн-нан $1,1 млрд-қа дейін жеткізді.

Өз кезегінде Бельгия, Канада, Люксембург, Германия және Үндістаннан келген инвестициялық ағындары белсенділіктің төмендеуін көрсетті. 2018 жылы $2,1 млрд-пен салыстырғанда, өткен жылы бұл елдердің үлесі тек $1,6 млрд болды.

2020 жылға болжамдар

UNCTAD болжамдық бағаларына сәйкес, коронавирустың пандемиясына байланысты 2020 жылы экономикалық өсудің айтарлықтай баяулауы және инвестициялар ағынының, әсіресе дамушы елдерге құлдырауы күтілуде. Белсенді саясатты жандандыруды ескере отырып, өз елдерінің экономикасына ақша құйып, сұранысты ынталандырудың теңдесі жоқ "жомарт" пакеттерін іске қосатын, әлемдік экономикадағы құлдырауды болдырмауға болмаса, рецессияның ұзақ тоқырауға көшуін болдырмауға үміт артады. Бұл сондай-ақ дамушы елдер үшін оң әсер етеді және қаржы активтеріне де, шикізат тауарларына да бағалардың төмендеуін тежеуге ықпал етеді.

Бұл ретте UNCTAD 2020-2021 жылдар кезеңінде 30-40% құлдырауға дейін Investment Trends Monitor өзінің аналитикалық жариялауында коронавирус пандемиясының ТШИ жаһандық ағымдарына әлеуетті әсерінің бағасын айтарлықтай өзгертті. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың наурыз айының басында сарапшылар 2020 жылдың І жартыжылдығының соңына дейін вирустың таралуын тоқтату сценарийі кезінде аймақта ТШИ төмендеуі өткен жылдың көрсеткішінен 5%-ды құрайды, екінші сценарийде, егер вирустың таралауы 2020 жылдың соңына дейін жалғасса, онда ТШИ-дың ағыны 2019 жылға қарағанда 15% - ға төмендейді.

Бұл COVID-19-дың экономикалық әсер ету болжамдарының жаңартылуына және ірі трансұлттық компаниялардың (ТҰК) кірістерін қайта қарауға байланысты. Мысалы, 100 ірі ТҰК-ның 61% жаһандық перспективалардың тез нашарлауын растайды. Және 57% коронавирустың жеткізілімдер тізбегінің іркілісіне ғана емес, сонымен қатар сұраныс пен сатудың жаһандық төмендеуіне әсерін атап өтті. Бұдан басқа, жаһандық ТШИ елеулі үлесіне тиесілі 5000 ірі ТҰК қазіргі уақытта 2020 жылы кірістерді бағалауды орта есеппен 30%-ға төмендету жағына қарай қайта қарады . Бұл үрдіс жалғасуы мүмкін.

Аса қатты зардап шеккендердің қатарында энергетика және негізгі материалдар өндірісі (энергетика үшін -208%, мұнай бағасының жақында төмендеуінен туындаған қосымша күйзелістермен), әуе желілері (-116%) және автомобиль өнеркәсібі (-47%) сияқты секторлар.

Ағымдағы жылдың 7 наурызында Bloomberg агенттігінің сарапшылары төрт сценарийдің болжамын жасады, ең пессимистік әлемдік экономика SARS - CoV-2 коронавирусының таралуынан 2,7 трлн АҚШ долларына дейін жоғалуы мүмкін. Бұл Біріккен Корольдіктің ішкі жалпы өніміне тең. Сценарийлердің біріне сәйкес, егер ҚХР билігі COVID-19-ды жеңе алмаса және аурудың ірі ошақтары Оңтүстік Кореяда, Жапонияда, Германияда, Италия мен Францияда пайда болса, 2020 жылы әлемдік экономика тек 2,3 пайызға өседі. Жаңа үлгідегі вирусы пайда болғанға дейін Bloomberg экономикалық өсімді 3,1 пайызға болжады.

Қазақстан экономикасына келер болсақ, Азия Даму Банкінің болжамы бойынша COVID-19 экономикалық салдары, мұнай мен газдың бағалары төмендеудің арқасында өндірудің қысқаруына байланысты Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) өсуі 2020 жылы 1,8%-ға дейін қысқарады. Алайда, 2021 жылы инвестициялардың өсуін және мұнайдан түсетін неғұрлым жоғары кірістерді көрсете отырып, экономика айтарлықтай өсүді көрсетіп, 3,6% - ды құрайды деп күтілуде.

 2020 жылы инвесторлар қаржыны қай салаға көбірек салуы мүмкін?

 Бүгінгі таңда KAZAKH INVEST мониторингтік жүйесінде 58 мың жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы $46,5 млрд құрайтын 172 инвестициялық жоба бар.

Тұтастай алғанда, бұл жобалар АӨК, жеңіл өнеркәсіп, ТКМК, машина жасау, мұнай-газ химиясы, ЖЭК жобалары, логистика және т.б. сияқты экономиканың басым салаларын қамтиды.

Оның ішінде 2020 жылы жылыжай кешендері, ет өңдеу комбинаттары, құрама жем өндіру зауыттары, техникалық газ өндірісі, тау-кен байыту комбинаттарының құрылысы бойынша ТМК жобалары, күн электр станциялары және т.б. жобаларды іске қосу жоспарлануда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы ТҰК қатысуымен картоп өндіру және өңдеу, кальцийленген сода, жоғары сапалы әк өндіру, жеміс өңдеу және 1000 га жылыжай кешені сияқты ірі жобалар бойынша құрылыс жұмыстары басталады деп күтілуде.

Тұтастай алғанда, жоғарыда келтірілген факторларды ескере отырып, 2020 жылы тікелей шетелдік инвестициялар ағыны көлемінің қысқаруы мүмкін. Алайда жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қол жеткізілген уағдаластықтарды, әлемдік экономикадағы үрдістерді және Үкімет қабылдайтын бағдарламалар мен шараларды ескере отырып, "Kazakh Invest" ҰК"АҚ-ның сарапшылары 2020 жылы инвесторлар үшін өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде тамақ өнімдерін өндіру, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, АКТ саласын, ішкі туризм, сондай-ақ логистика мен қоймалау саласы қызығушылық сақталады деп күтілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы