Елімізге ресми сапармен Грузия Премьер-министрі келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанға ресми сапармен Грузия Премьер-министрі Ираклий Гарибашвили келді. 

Бұл туралы Үкіметттің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында мәртебелі мейманды ҚР Премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қарсы алды.

Екі күндік сапар аясында Грузия үкіметінің басшысы Қазақстан басшылығымен келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. Тараптар екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар Грузия Премьер-Министрі «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы