Елімізге Ресей мен Өзбекстаннан өсімдіктектес өнімдер заңсыз әкелінген
Астана, BAQ.KZ. Өсімдіктектес өнімдерді тасымалдаған 50 заңсыз әрекеттің жолы кесілді.
2019 жылғы 1-11 қаңтар аралығында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстық аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларымен Ресей Федерациясынан және Өзбекстан Республикасынан карантиндік фитосанитариялық қаупі жоғары карантинге жатқызылған өнімдерді 50 заңсыз жағдайда әкелінген әрекеті анықталды.
Сондай-ақ, карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде Ресей Федерациясынан 2500 дана көкөніс дақылдарының тұқымдары (қорапта), 20 тонна лимон мен мандарин және Өзбекстаннан 82 тонна құрма, 20 тонна пістенің фитосанитариялық сертификатсыз тасымалданғаны белгілі болды.
Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тиым салынған. Жүктер Ресей Федерациясына және Өзбекстанға кері қайтарылып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.