Елімізге белгілі нейрохирург халықаралық сыйлыққа ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізге белгілі нейрохирург Серік Ақшолақов «Нейрохирургияның жаңа бағыттары мен жедел емдеу әдістерін» енгізгені үшін ресейлік Христофор Леденцов сыйлығының лауреаты атанды.

Ресей Федерациясында Христофор Леденцовтың ұлттық сыйлығы ғылым және технология жылындағы басты оқиғалардың бірі болды. Сыйлық инновациялық шешімдердегі ерекше жетістіктер үшін беріліп, ғылыми-технологиялық әлеуетті дамытуға, ғылым мен технологияларды ілгерілетудегі қайырымдылық және инвестициялық қызметті кеңейтуге бағытталған.

Шара барысында халықаралық деңгейде танылған алты ғалым марапатталды. Олардың қатарында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы академик, Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Серік Қуандықұлы Ақшолақов та бар.

Леденцов атындағы сыйлық алғашқы ғылымды қолдау қорларының бірін құрған атақты ресейлік меценаттың 180 жылдығына орай биыл бірінші рет берілді. Христофор Леденцовты «эксперименттік ғылымдардың жетістігін және олардың практикалық қолданылуын» насихаттауды өсиет еткен «ресейлік Нобель» деп атайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл МӘМС жарнасы өседі
Өзгелердің жаңалығы