Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 21 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрынғысынша антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, найзағай болады.
Республика бойынша желдің күшейюі, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында бұршақ күтіледі. Күндіз Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай, бұршақ күтіледі, облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл, облыстың солтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі, облыстың солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының батысында шаңды дауыл күтіледі, таулы аудандарында және батысында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз таулы аудандарында найзағай болады.
Қызылорда облысының оңтүстік–шығысында және оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Қарағанды облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында және оңтүстік-батысында, күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық сақталады, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады, Ақмола облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық болады.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысы, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.