Еліміздің жылу электр орталықтарына үш айда 16 млн тоннадан астам көмір жеткізілді
2023- 2024 жылдарғыжылыту маусымына дайындық кезеңінде мамыр айынан бастап ҚТЖ еліміздің жылу электр орталықтарына 16,3 млн тонна көмір жеткізсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 250 мың тоннаға артық, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өңірлер қажеттіліктері үшін қатты отынды жеткізу ҚТЖ-ның тасымалдаудағы басым түрлерінің бірі болып табылады. Компанияда көмір тасымалдау жөніндегі жол картасы бекітілсе, оған 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымын өткізудің оңтайлы моделі, жедел штаб жұмысы, мониторингтік топтар және т. б. іс-шаралар кіреді.
Көмір түсірілетін кірме жолдарға кең ауқымды аудит жүргізілді. Барлық мүдделі қатысушылар үшін бірыңғай есеп пен есепті жүргізу үшін интерактивті толтырумен дашборд әзірленеді.
Әкімдіктермен, мемлекеттік органдармен және ЖЭО-мен тұрақты кеңестер өткізіледі. Көмір разрездері өкілдерімен кездесулерде 2023 жылдың екінші жартыжылдығына арналған тасымалдау жоспарлары және көмір жөнелтілімдерін аймақтарға бөлу мәселелері талқыланады.
Жалпы, жыл басынан бері "ҚТЖ" ҰК" АҚ республика ішілік қатынаста 44,2 млн тонна көмір тасымалданды. Еліміздің жылу электр орталықтары үшін 40 млн тонна көмір жеткізілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 714 мың тоннаға артық.