Еліміздің ЖОО-да геральдика мамандығы оқытылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Елімізде нақты геральдист маман жоқ. 

Бұл туралы «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ директоры Асылбек Баяжұма мәлімдеді.

Мемлекеттік рәміздер бұл біздің ұлтымыздың - рухы. Әрбір қазақтың жүрегі. Біздің мемлекеттік туымыз, рәмізіміз мемлекетіміздің тәуелсіздігінің айрықша белігісі, - деді Баяжұма ОҚҚ-де өткен баспасөз мәслихатында .

Ол «Геральдикалық зерттеулер орталығы» былтыр құрылғанын және оның басты мақсаты үш бағыттан тұратынын айтты.

Қазір елімізде геральдист маман иесі жоқ. Сол себепті алдағы уақытта Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Білім және ғылым министрлігіне шығып, жоғары оқу орындарында геральдика пәнін енгізу мәселесін қарастырамыз, - деді директор.

Спикер сөз арасында тарихшылардың Алтын орда және Алаш заманындағы тулар бойынша өзара келіспеушіліктер бар екенін атап өтті.

Осыған байланысты біз биыл маусымда Геральдика зерттеу орталығының жанынан ғылыми кеңес құрамыз. Бұл мәселені зерттеп жатқан тарихшыларымыз бар. Алайда олардың басын біріктіруіміз керек, - деді Асылбек Баяжұма.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: egemen.kz
Өзгелердің жаңалығы