Еліміздің үш қаласында салынып жатқан ЖЭС қашан аяқталады?

Көкшетау, Семей және Өскеменде салынып жатқан жылу электр станциялары 2028 жылы пайдалануға беріледі. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жылу электр станцияларын ресейлік компания салады.

Министрдің сөзінше, 2028 жылы бүкіл үш жоба аяқталып, пайдалануға беріледі.

Көкшетау жылу электр орталығының техникалық-экономикалық негіздемесі қорытынды сараптамадан өтуде. Биыл жақын арада құрылған бірлескен кәсіпорындар жобалау – жобалық құжаттаманы әзірлеуге кіріседі. Сонымен қатар, абаттандыру және құрылыс алаңын дайындау жұмыстары басталады. Құрылыс жұмыстары биыл басталады деп отырмыз, – деді Энергетика министрі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы