Еліміздің үш өңірінде қатты аяз болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 қаңтар күні Қазақстанның 3 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

7 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Орал қаласында 7 қаңтар түнде және таңертең тұман болады.

Ертең түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде -40 градус қатты аяз сақталады.

Түнде 7-8 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерінде -37 градус қатты аяз болады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы