Еліміздің үш облысында дауыл соғады

"ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі еліміздің автожолдарындағы ауа райы туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Атырау облыстарында қалың тұман түседі. Жауын-шашын жауып, желдің екпіні күшейгендіктен көктайғақ пайда болу қаупі бар. 

Қызылорда, Жетісу және Түркістан облыстарында екпіні секундына 23-28 метрге жететін жел соғады деп болжанған. Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, - делінген компания таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы