Еліміздің төрт өңірінде жолдар жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа-райының күрт нашарлауына байланысты (боран, жауын-шашын кезінде көрінудің төмендеуіне) Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында жол учаскелері жабылды, деп хабарлады ҚазАвтоЖол ҰК АҚ баспасөз қызметі.

Қарағанды облысында "Жезқазған-Петропавл" а/ж 65-252 шақымдары арасында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. 

Қостанай облысында 2 учаске жабық:

“Жезқазған-Петропавл" а/ж 252-340 шақырымдары арасы және 

"Жезқазған-Петропавл" а/ж 340-377 шақырымдары арасы. 

Батыс Қазақстан облысында 2 учаске жабылды:

"Орал-Тасқала-РФ шекарасы" км.76-104, Тасқала кентінің уч. - РФ шекарасы.

"Орал-Тасқала-РФ шекарасы" км.4-72, Орал қаласының уч. - Тасқала кенті.

Ақмола облысында "Жезқазған-Петропавл" тас жолында (377-440 шақырымдары арасы) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

ҚазАвтоЖол қызметкерлері жолдардағы жағдайды тәулік бойы бақылауда. Төтенше жағдай туындаған кезде 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу қажет, - делінген хабарламада.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Еліміздің төрт өңірінде жолдар жабылды
Өзгелердің жаңалығы