Еліміздің «тәттіқұмар» өңірлері анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның басты «тәттіқұмар» тұрғындары Ақмола, Қарағанды және Қызылорда облыстарында тұрады екен.

Енді дүйім жұрттың сүйікті тісбасарына айналған шоколадтың өндірісіне келер болсақ, биыл қаңтар-наурыз айларында елде 18,3 мың тонна шоколад және шоколад пен қанттан жасалған кондитерлік өнімдер жасалған. Бұл үлкен көрсеткіш болғанымен, бір жыл бұрынғымен салыстырғанда азайып кеткен.

Мәселен 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында 100,5 мың тонна шоколад шығарылған. Бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,9%-ға көп.

Өңірлер бөлінісінде өнімнің жартысынан көбі Алматыда өндірілгені анықталды: 2021 жылдың бірінші тоқсанында 9,5 мың тоннаға дейін өндірілген, дегенмен жылына 12%-ға азайған. Сондай-ақ үздіктер үштігіне Қостанай (4,3 мың тонна, минус 48,9%) мен Алматы (3,4 мың тонна, минус 13,3%) облыстары да енді.

Қазақстанда шоколад пен құрамында шоколады бар кондитерлік өнімдердің басты өндірушісі - Оңтүстік Кореяның жетекші кондитерлік компаниясы LOTTE Confectionery-ге тиесілі «Рахат» АҚ болып отыр. Бұдан бөлек, «Баян-Сұлу» АҚ, түріктің lker Group компаниясының құрамына кіретін «Хамле Компани Лтд» ЖШС және т.б. бар.

Екі ай қорытындысы бойынша қазақстандық компаниялар шоколад пен кондитерлік өнімдерге деген сұранысты 46% қамтыған. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 51,1% шамасында болған.

Сәйкесінше импорттың үлесінде нарықтың 54%-ы болды. Елге екі айда 13,9 мың тонна өнім әкелінді. Бір жыл бұрынғымен салыстырғанда көрсеткіш 8,3%-ға аз. Экспортқа небәрі 3,3 мың тонна өнім жіберілді.

Нәтижесінде ішкі нарықта 22,4 мың тонна өнім сатылды. Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл 17%-ға аз.

Қазақстанға екі айда құрамында какао бар шоколад пен басқа да өнімдердің 8,2 мың тоннасы (құны - 23,8 млн АҚШ доллары) әкелінді. Заттай (17,6%) және ақшалай (20,3%) мәнде импорттың төмендеуі тіркелді. Импорттың негізгі бөлігін ТМД елдері - Ресей мен Украина қамтып отыр.

«Тәтті импорттың» 5,4 мың тоннасы құрамында какао жоқ кондитерлік өнімдерге тиесілі - 10,8 млн АҚШ доллары. Заттай мәндегі өсім 4,5%-ды, ал ақшалай мәндегі көрсеткіш бір жылда 1,9%-ға қысқарды. Негізгі импортты ТМД елдері қамтамасыз етіп отыр: 8,9 млн АҚШ долларын құрайтын 4,6 мың тонна өнім. ТМД елдері арасында Ресей мен Украина көш бастап тұр.

2020 жылы әр қазақстандық орташа есеппен 43 келі қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнім тұтынған екен. Бұл былтырғыдан қарағанда 0,4%-ға көп. Соның ішінде 17,8 келі - қант, 3,5 келі - глазурьленген шоколадты кәмпит, 2,7 келі - тосап, джем, 1,8 келі - балмұздақ, 948 г - шоколад тұтынған.

Өңірлер бөлінісінде «тәттіқұмар» аймақтар рейтингін Ақмола, Қарағанды және Қызылорда облыстары бастап тұр. Ал, керісінше, қантты және кондитерлік өнімдерді аз тұтынатын өңір - ол Шымкент екен. 

Былтырғы жылдың нәтижесі бойынша Ақтөбе облысында  тәтті өнімді ең көп тұтыну көрсеткіші тіркелген екен. Бұдан бөлек аз тұтынған өңір ол Шымкент екені анықталды.

Биылғы жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша кондитерлік өнімдер бір жылда 7,7% қымбаттады. Сонымен қатар глазурьленген шоколадты кәмпит - 7,3%, карамель -  7,2%, шоколад — 8% қымбаттап кеткен.

Өңірлер бөлінісі бойынша саралайтын болсақ, Қызылорда облысында шоколад өнімдерінің бағасы жылына 14% өсіп, айтарлықтай қымбаттаған. Қымбат өңірлер үштігіне елорда (плюс 11,5%) мен Атырау облысы (10,7%) да кіреді екен. Ал ШҚО-да шоколад өнімдері бағасы қатты көтерілмеген, көрсеткіш бар-жоғы 5%-ды құрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы