Еліміздің су қоймаларындағы жағдай қандай

Атырау облысынан басқа еліміздің барлық өңіріңде су тасқыны аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі - 600 см, Атырау облысының Махамбет ауылында - 1020 см. «Қазсушардың» жергілікті филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 90%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 98,4%-ға толы. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді. Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 89,8%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 78%-ға толды. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істейді. Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99,2%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кесте аясында жұмыс істейді.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 91%. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді.

Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Өзгелердің жаңалығы