22 Қыркүйек 2024 2024, 11:07
Еліміздің солтүстік өңірлерінде аяз болады
25-27 қыркүйекте түнде қар жауады.
«Қазгидромет» синоптиктері солтүстік, шығыс және орталық облыстарда ауа райы күрт нашарлайтынын ескертті.
Еліміздің солтүстігінде және шығысында 25-27 қыркүйекте түнде қар жауады.
Ал Астанада түнде ауа температурасы күрт төмендеп, 2-4 градус аяз болады.