Еліміздің солтүстігіндегі ауылда ірі өрт болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 мамыр күні сағат 13:24-те 101 телефонына Қызылжар ауданының Желяково ауылында (ең жақын өрт сөндіру бөлімшесіне дейінгі қашықтық 30 км, Бескөл ауылының аудан орталығына дейінгі қашықтық - 91 км) 0,75 га алаңда шөп өртеніп, жапсарлас қора-қопсы мен тұрғын үйлерге көшкені туралы хабарлама келіп түскен.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері оқиға орнына 28 минуттан кейін барған. Олар келген кезде өртті жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары сөндірді.
Дауылды желдің екпінімен өршіген өртті сөндіруге барлығы 15 бірлік техника мен жеке құрамның 50 адамы (ЖАО күштері және өрт сөндіру қызметінің 2 өрт сөндіру бөлімшесі) жұмылдырылды, өрттің салдарынан 224 ш.м. алаңдағы үш тұрғын үй, 225 ш. м. алаңдағы иесіз құрылыстар , 501 ш. м. алаңдағы шаруашылық құрылыстары өртеніп кеткен).
Өрт сағат 18:15-те басылып, 20:25-те толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде қанша адам КВИ-ге қарсы вакцина алды
Өзгелердің жаңалығы