Еліміздің солтүстігінде – жаңбыр, ал оңтүстігінде – аптап ыстық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 23-25 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.   

Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіне Орал аймағынан салқын және ылғалды ауа әлі де келіп түсуде. 

«Оңтүстік-шығыс бағытта жылжитын атмосфералық фронттармен бірге бұл өңірлерде найзағай мен жаңбыр, кей жерде қатты жаңбыр жауып, дауылды жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал», - делінген синоптиктердің хабарламасында. 

Бірақ республиканың оңтүстік облыстарында Иран аумағынан ыстық ауа массаларының келуімен 38 ... 45°С ыстық ауа райы сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы