Еліміздің СІМ басшысы Эстония елшісін қабылдады
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Эстония Республикасының Елшісі Тоомас Тирсті дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тараптар екіжақты ынтымақтастық және көпжақты форматтағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, көлік, логистика және цифрландыру саласындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.
Эстония Елшісі Қазақстандағы миссиясы барысында тұрақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша берік және үйлесімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға сенім білдірді.
Миссияның аяқталуына орай эстондық дипломатқа екі ел арасындағы жан-жақты байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Сыртқы істер министрінің алғыс хаты табыс етілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы