Еліміздің шығысында қар көшкініне қарсы жұмыстар жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының және ШҚО ТЖД мамандары қар көшкініне жол бермеу мақсатында «Өскемен – Самар» автожолында кезекті профилактикалық іс-шара өткізді. Көлемі 2750 текше метр жиналған қар 4 учаскеден алынды.

Біздің бақылаушы-мамандар күн сайын көшкін жағдайына мониторинг жүргізеді.  Қар өлшеу рельстерінде олар қардың мөлшерін және оны алып тастау қажеттілігін анықтайды. Күн жынып жатыр, сондықтан азаматтарымызға дауылды ескертулерге құлақ асуды және егер көшкін қаупі жарияланса, тауға барудан бас тартуды ескертеміз, – дейді «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.

Айта кетейік, қыс басталғаннан бері аймақта жалпы көлемі 39760 текше метр болатын 50 рет қар түсірілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы