Еліміздің шығысында көшкін қаупі сейілер емес

Бұл туралы BAQ.KZ облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес хабарлайды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 24-27 наурыз аралығында өңір аумағында қар көшкіні жүруі ықтимал. 

«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, қолайсыз метеожағдайларға – желдің күшеюіне, ауа температурасының күрт жоғарлауына, қар жамылғысының сөгілуіне байланысты көшкін қаупі күшейе түседі.

Тауға саяхаттаудан бас тартыңыздар. Тасжолдар бойында бірнеше қауіпті учаске бар. Сондықтан сапар кезінде көлікпен түсіп, жол бойына аялдауға болмайды. Төтенше жағдайға тап болсаңыз, «112»-ге қоңырау шалыңыз, - деп жазылған ТЖД хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы