Еліміздің шығысы мен орталығында жел күшейіп, бұршақ жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бойынша 2022 жылдың 04-06 маусымына арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен, республиканың барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Жаңбыр жауады, 05 маусымда республиканың шығысы мен орталығында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Температура аясында ерекше өзгерістер күтілмейді: батыста 22-33 жылу, оңтүстік-батыста 29-37 жылу, солтүстік-батыста 15-25-тен 20-33-ке дейін жылу, елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз термометрлер 15-26 градусқа дейін көтеріледі, ал республиканың оңтүстігінде 27-37 градус жылы, Қазақстанның оңтүстік-шығысында 22-32 градус жылы болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы