2 Ақпан 2025 2025, 17:06 Фото: Архив BAQ.KZ

Еліміздің шығыс өңірінде күн райына байланысты жолдар жабылды

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында ауа райының күрт нашарлауы салдарынан көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК.

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында ауа райының күрт нашарлауы салдарынан көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» ҰК сілтеме жасап.

2025 жылғы 2 ақпан сағат 15:30–да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрі қозғалысына шектеу қойылады. Атап айтқанда:

Абай облысы

— «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ» автожолының 971-1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы — Шығыс Қазақстан облысы шекарасы);

Шығыс Қазақстан облысы

— «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ» автожолының 1013-1048 шақырым аралығы (Абай облысы шекарасы-Ұлан ауылы);

Айта кетейік, жолды 2025 жылғы 3 ақпан сағат 06:00–де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.