Еліміздің құрама командалары 80-нен астам әлемдік рейтингтік турнирлерге қатысады

Париждегі Олимпиадаға дайындық аясында Қазақстанның құрама командалары 80-нен астам әлемдік рейтингтік турнирлерге қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Лицензиялау кезеңі Олимпиаданың басталуына бір ай қалғанда аяқталады. Осы жарыстардың қорытындысы бойынша спортшыларымыз Париж Олимпиадасына 100-ге жуық лицензия алуды жоспарлап отыр.

Қазақстан командасын Париждегі олимпиадаға дайындау үшін ҚР Туризм және спорт министрлігі Ұлттық құраманың жұмысын ұйымдастыруға арналған жедел штаб құрды. Сондай-ақ, жазғы спорт түрлері бойынша спортшылар мен еліміздің штаттық құрама командаларын даярлау және олардың Олимпиада – 2024-ке қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама бекітілді, - деді ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы