Еліміздің қай өңірлерінде жалақы жоғары
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2024 жылдың төртінші тоқсанындағы жалақысы жоғары өңірлер анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2024 жылдың төртінші тоқсанындағы жалақысы жоғары өңірлер анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көш басында тұрған аймақтар: Атырау облысы – 640 938 мың теңге, Маңғыстау облысы – 607 867 мың теңге, Астана қаласы – 604 104 мың теңге, Ұлытау облысы – 600 682 мың теңге, Алматы қаласы – 539 125 мың теңге.
Белгілі болғандай, тізімнен жалақысы төмен аймақтарды да көруге болады. Атап айтқанда, Түркістан облысы – 304 325 мың теңге, Жамбыл облысы – 313 073 мың теңге, Жетісу облысы – 314 398 мың теңге, Солтүстік Қазақстан облысы – 315 540 теңге, Шымкент қаласы – 330 193 мың теңге.
Ұлттық статистика басқармасы келтірген мәлімет бойынша 2023 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі ақпарат және байланыс саласында – 32,8%-ға, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 22,7%-ға және жылжымайтын мүлікпен операциялар – 20,3%-ға өскен.
Айта кетерлігі, былтырғы жалақысы жоғары салаларға қаржы және сақтандыру қызметі - 943 931 теңге, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу - 904 963 теңге, ақпарат және байланыс - 798 337 теңге, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 697 905 теңге, өнеркәсіп - 618 523 теңге жатады.
Былтырғы төртінші тоқсанында орташа номиналды жалақы (шағын кәсіпкерлік субъектілерін есепке алмағанда) 434 982 теңге болды. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 10,5%-ға өскен.