Еліміздің қай өңірінде 5 пайызбен ипотека беріледі
Батыс Қазақстан облысында «Отбасы банкі» мен жергілікті әкімдік бірлесіп, жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Жайық жастары» – жұмыс істейтін жастарға арналған жеңілдетілген ипотека. Қатысушылардың жасы 21 мен 35 жас аралығында.
«Жайық жастары» бағдарламасының шарттары:
Несие мөлшерлемесі жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%).
Қарыздың ең жоғары сомасы - 15 млн теңге.
Бастапқы жарна - кемінде 10%.
Қарыз 19 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Сіз қандай баспана сатып ала аласыз?
Бағдарлама аясында тұрғын үйді алғашқы және екінші нарықтардан сатып алуға болады. Сондай-ақ, нысанда "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ кепілдігі болған жағдайда, пайдалануға берілген немесе салынып жатқан үйден пәтер сатып алуға болады.
Бағдарламаны қаржыландыруға 600 миллион теңге бөлінеді. Несиені «Отбасы банкі» береді.
Ипотеканы кім ала алады:
медициналық қызметкерлер, мұғалімдер, мемлекеттік қалалық және республикалық мәдени ұйымдардың бейінді қызметкерлері, спортшылар мен жаттықтырушы - оқытушылар, коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, ЖАО қызметкерлері қатыса алады.
Ескеретін жайт, бағдарламаға қатысушылар мен олардың отбасы мүшелерінің Орал қаласында тұрақты тіркеуі болуы тиіс
Қалай өтініш беруге болады
Өтінімдерді қабылдауды және әлеуетті қатысушыларды іріктеуді БҚО Қоғамдық даму басқармасы келесі мекенжай бойынша жүргізеді: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 188 (БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық ғимараты).
Жеңілдетілген несиелеуге үміткерлер пулына көп ұпай жинаған үміткерлер өтеді.
Ұпайларға:
некедегі жылдар саны,
балалардың болуы,
жұмыс өтілі,
кәсібі,
әлеуметтік осал санаттарға жатуы және т. б. әсер етеді.
Қатысушылардың тізімі қалыптасқан кезде олардың барлығы Отбасы банкіне кредит алуға жолдама алады. Онда төлем қабілеттілігі тексерілген бағдарламаға қатысушыларына заем беріледі.