Еліміздің қай облыстарында жолдардың жабылғаны белгілі болды
Қазір 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 61 учаскесінде жол жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазір 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 61 учаскесінде жол жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
8 ақпан сағат 9.30-дағы ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 61 учаскесінде көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.
Ақмола облысында – 14 учаске
Ақтөбе облысында – 16 учаске
Атырау облысында – 2 учаске
Жамбыл облысында – 4 учаске
Жетісу облысында – 1 учаске
Батыс Қазақстан облысында – 3 учаске
Қарағанды облысында – 3 учаске
Қостанай облысында – 10 учаске
Қызылорда облысында – 1 учаске
Солтүстік Қазақстан облысында – 4 учаске
Түркістан облысында – 1 учаске
Ұлытау облысында – 2 учаске
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 633 бірлік техника және 1023 жолшы жұмылдырылды. Шектеу енгізілген учаскелер туралы ақпаратты келесі сілтеме арқылы біле аласыздар https://kz.qaj.kz/s/, - делінген хабарламада.