Еліміздің Қарулы Күштерінде коронавирусқа қарсы ревакцинация жалғасып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан әскерінің 13 мыңға жуық әскери қызметшісі мен азаматтық персоналына қайта екпе салынды. Медициналық тұрғыда қарсы көрсетілімі бар адамдарға ғана  вакцина егілмейді.

Қорғаныс министрлігінің әскери емханалары және тіркелген жеріндегі азаматтық емдеу мекемелері, сондай-ақ әскери және азаматтық емдеу мекемелерінің көшпелі егу бригадалары белсенділігі жойылған вакцина арқылы ревакцинация жүргізеді, – деп ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы медицина қызметінің полковнигі Тимур Ошақбаев атап өтті.

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің ревакцинация жүргізу туралы қаулысына сәйкес COVID-19 қарсы екпенің толық курсынан кейін алты ай өткенде қайта екпе салу қажет.

Бас әскери-медициналық басқармасы ел Қарулы Күштеріндегі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық ахуал ұжымдық иммунитеттің қалыптасуының арқасында тұрақты екенін атап өтті.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы