26 Қараша 2024 2024, 12:03 Фото: - архив

Еліміздің Қарулы күштерінде бірқатар ауыс-түйістер болды

Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде бірқатар лауазымнан босату мен тағайындау болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде бірқатар лауазымнан босату мен тағайындау болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды;

Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды;

Ержан Уақасұлы Ыбыраев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.