Еліміздің қанша ауыл мектебінде дәретхана сыртта орналасқан?
Елімізде 10 ауыл мектебінде дәретхана сыртта орналасқан. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналист Оқу-ағарту министірне "Қанша ауыл мектебінде дәретхана сыртта орналасқан?" сұрады.
Мұны осыған дейін де айтқан едім. Елімізде тек 10 мектептің дәретханасы ішке кіргізілмеген. Бұл мәселе де толықтай шешімін тапты. Дей тұрғанмен менің қолымдағы ақпарат бойынша әлі де біраз мектепте ішкі дәретхана мен сыртқы дәретхана сақталып отыр. Әкімдердің уәжіне қарағанда, екі дәретханының бірінде ерекше жағдайлар болған кезде бірін-бірі алмастыра тұрады. Сондықтан әзірге қалдыра тұруды сұрап отыр. Десе де, оның қауіпсіздігі мен тазалығы қадағалауда ұстап отырмыз, - деді Ғани Бектайұлы.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ғани Бейсембаев еліміздің ауылдарында қанша мектеп барын мәлімдеген еді. Оқу-ағарту министрі шекара маңындағы мектептерді сақтап қалуымыз керек екенін жеткізген болатын.
Сондай-ақ, министр ауылды елді мекендердегі қанша мектепте интернет жоқ екенін айтты.