Еліміздің пара дзюдошылары Паралимпия ойындарына 10 лицензия алды

28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде өтетін XVII жазғы Паралимпия ойындарында ел намысын пара дзюдодан он спортшы қорғайтын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді.

Әйелдер арасында:

Науатбек Ақмарал, 48 кг (J2)

Федосова Даяна, 57 кг (J2)

Мереке Аяла, 70 кг (J2)

Райфова Зарина, +70 кг (J2)

Альфия Тлеккабыл, 57 кг (J1)

Ерлер арасында:

Ерғали Шамей, 73 кг (J1)

Бауыржан Арстанбеков, 90 кг (J1)

Ерлан Утепов, +90 кг (J1)

Жұрқамырза Шүкірбеков, +90 кг (J2)

Ғалымжан Смағұлұлы, 90 кг (J2)

Еліміздің 9 спортшысы рейтинг бойынша үздік 8-ке кіріп, Паралимпиадаға жолдама жеңіп алды. Ал, Альфия Тлеккабыл Халықаралық Паралимпиада комитетінің үш жақты (bipartite) комиссясының шешімімен лицензиаттар қатарына қосылды.

Қазіргі уақытта Қазақстан спорттың 9 түрі бойынша 32 лицензия жеңіп алды: пара пауэрлифтинг (5), пара жеңіл атлетика (4), пара жүзу (4), волейболды отырып ойнау (1), пара үстел теннисі (1), пара таеквондо (3), пара каноэ (2), пара оқ ату (2) және пара дзюдо (10).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы