Еліміздің оқушылары географиядан халықаралық олимпиадаға қатысатын болды

Қазақстандық оқушылар 2023 жылдың 8-14 тамызы аралығында Индонезияның Бандунг қаласында өтетін IGEO халықаралық географиялық олимпиадасына қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, ел намысын география пәнінен Республикалық олимпиаданың төрт жеңімпазы және екі жетекші қорғап отыр:

Санжар Хамитов - Ақтөбе қаласындағы НЗМ 11 сынып оқушысы;

Арсен Сыдыков - Шымкент қаласындағы НЗМ 10 сынып оқушысы;

Қанат Серікбай - Шымкент қаласындағы НЗМ 10 сынып оқушысы;

Аида Давлетова - Астана қаласындағы НЗМ 12 сынып оқушысы.

Абай Дүйсен – ғылыми жетекші, география магистрі, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы;

Валеев Рустам – жетекші, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.

Айта кетсек, IGeO алғаш рет 1996 жылы Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен Гаагада өткізілген болатын.

Қазақстан құрама командасы олимпиадаға 2012 жылдан бері қатысып, барлығы 2 алтын, 1 күміс және 3 қола жеңіп алған.

Олимпиаданың негізгі міндеттері – оқушылардың географияға және қоршаған орта туралы ғылымдарға қызығушылығын ынталандыру, халықаралық өзара байланысты нығайту.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы