Еліміздің оқушылары физикадан Азия олимпиадасына қатысуда
Малайзияның Кампар қаласында 3-10 маусым аралығында APhO физикадан Азия олимпиадасы өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, оған әлемнің 28-ден астам елінен оқушылар қатысуда.
Физикадан Азия олимпиадасы – Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің мектеп оқушылары арасында физикадан 2000 жылдан бері жыл сайын өткізілетін бірегей зияткерлік жарыс.
Қазақстан құрамасының мүшелері:
Марғулан Нұрсағатов – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы;
Досжан Бисимби – Алматы қаласының «Мирас» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы;
Артур Ким – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Амир Пшенбаев – Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Нұрбол Закир – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Ілияс Қазымбек – Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы;
Нұрасыл Барлыбаев – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
Бекасыл Елубай – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы.
Құрама команда жетекшілері:
Самат Мақсұтов – PhD докторы, SDU доценті;
Нұрдәулет Қаласов – PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы.
Атап өтсек, 2023 жылы өткен физикадан Азия олимпиадасында Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 2 қола медаль және 2 Құрмет грамотасымен марапатталды.