Еліміздің оңтүстік өңірлерінде жер сілкінісі тіркелді

Еліміздің сейсмикалық станциялар желісі 2023 жылғы 21 наурызда Алматы уақытымен 22 сағат 47 мин 30 сек жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жерсілкінісі эпиорталығы Қазақстан Республикасының аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 848 км қашықтықта орналасқан. 

Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы 16.1. Магнитуда MPV 7.8. Эпицентр координаттары 37.00° с. ш. 71.12° в. д. Тереңдігі 120 шқ. Сезілу деңгейі (шкала бойынша МЅК-64): Тараз қаласы 3 балл.

Сонымен қатар жер сілкінісінің дүмпуі Шымкентте, Жетісайда, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан өңірлерінде білінген.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәліметтер түскен жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: egemen.kz
Өзгелердің жаңалығы