Еліміздің он бір өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» мамандары 21 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

21 маусымда Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Кей жерде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20, екпіні 23 м/с. Кей жерде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Шымкент қаласында таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қаласында таңертең және күндіз 21 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Күндіз 21 маусымда Атырау облысында 39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Атырау қаласында: күндіз 21 маусымда 39 градус қатты ыстық сақталады. 

21 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Петропавл қаласында 21 маусымда найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. 

Алматы облысында кей жерде төтенше өрт қаупі сақталады. 21 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с, 22 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18-23 м/с. 22 маусымда кей жерде найзағай, бұршақ күтіледі. 

Күндіз 21 маусымда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде +38 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерде төтенше өрт қауіпі сақталады. 21 маусымда кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан түнде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Көкшетау қаласында 21 маусымда найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с.

Күндіз 21 маусымда Ақтөбе облысында кей жерінде 36 градусқа дейін қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады. 21 маусымда облыстың шығысында қатты жаңбыр күтіледі. 

21-22 маусымда Қарағанды облысының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерде өте жоғары өрт кауіпі сақталады. 

Қарағанды қаласында 21 маусымда найзағай, дауыл, бұршақ, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. 

Жезқазған қаласында күндіз 21 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. 

21 маусымда Шығыс Қазақстан облысында қатты жел тұрып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы секундына 25 метр. 

Нұр-Сұлтан қаласында 21 маусымда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Күндіз 21 маусымда Маңғыстау облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі. 

21 маусымда Павлодар облысының кей жерінде түнде қатты жаңбыр, күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерінде 15-20 м/с. 

Павлодар қаласында 21 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Түнде 21 маусымда Қостанай облысының кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. 

Қостанай қаласында 21 маусымда солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел, күші 15-20 м/с күтіледі.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы