19 Мамыр 2022 2022, 06:38
Еліміздің мергендері Оңтүстік Кореяда әлем кубогіне қатысып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында садақ атудан әлем кубогінің ІІ кезеңі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында садақ атудан әлем кубогінің ІІ кезеңі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған әлемдік додаға Қазақстан сапынан 13 спортшы қатысып жатыр. Олар: Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Сұлтан Дүзелбаев, Фарида Түкебаева, Алина Ильясова, Мадина Заемова, Виктория Лян, Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова, Акбарали Қарабаев, Бунед Мирзаметов, Шамиль Сагутдинов.
Айта кетерлігі, Кванджоудағы әлем кубогінің кезеңі 22 мамырға дейін жалғасады.