Еліміздің мемлекеттік қарызы 23 трлн теңгеге жуықтады
ЕАЭО-ға қатысушы елдердің жиынтық мемлекеттік қарызы шамамен $439 млрд құрады, деп хабарлады BAQ.KZ LS агенттігіне сілтеме жасап.
Еуразиялық экономикалық комиссияның деректері бойынша, одаққа мүше елдердің мемлекеттік қарызы 2022 жылғы 1 шілдеде $438,8 млрд-қа жетті (Ішкі қарыз – $353,6 млрд, сыртқы қарыз – $85,3 млрд). Ал 2021 жылдың ұқсас күніне – $342,8 млрд (ішкі – $255,6 млрд, сыртқы – $87,3 млрд). Бір жылдағы өсім – 28% немесе $96 млрд.
Қазақстанда мемлекеттік қарыз 22,9 трлн теңгеден асты, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 3,3%-ға артық. Бұл ретте елдің ішкі борышы 15 трлн теңгені (жылына +1,8%), ал сыртқы борышы 7,9 трлн теңгені (+6,1%) құрады.
Беларуссия елiнiң де қарызы өсті – 6%-ға, 61,7 млрд рубльге немесе 24,5 млрд долларға дейін.
Өз кезегінде Ресейде мемлекеттік қарыз 2,7%-ға, 17,9 трлн рубльге дейін немесе $349,9 млрд қысқарды. Арменияда 7,8%-ға, 4 трлн драмаға дейін немесе $9,9 млрд. Ал Қырғызстанда – 0,3%-ға, 415,3 млрд сомға дейін немесе $5,2 млрд қысқарды.
Айта кетейік, ішкі мемлекеттік қарыз – үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы органдардың ел резиденттері алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздары мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша берешегінің құрамдас бөлігі.
Сыртқы мемлекеттік қарыз – үкімет пен Ұлттық банктің елдің бейрезиденттері алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздары және басқа да борыштық міндеттемелері бойынша берешегінің құрамдас бөлігі.