Еліміздің мектептерінде стоматологиялық кабинеттер ашылады - ДСМ

2025 жылы ел бойынша барлық ірі мектептерде стоматологиялық кабинеттер біртіндеп жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Оқу-ағарту министрлігінің басшысы Ғани Бейсембаевтың елорда мектептерінің басшыларымен бірлескен отырысында айтты.

Министрлер мектеп асханасын аралап, сонымен бірге мекемелердегі тамақты қалай жақсартуға болатынын талқылады.

Бүгінде алты облыста стоматологтар қабылдауды жүргізетін 98 кабинет бар. Одан әрі «Сау тіспен болашаққа» жобасы аясында мектеп жасындағы барлық балаларды тіс ауруларының алдын алумен қамтуды кезең-кезеңімен қамтамасыз ету жоспарлануда, - деп толықтырды ведомстводан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - Архив
Өзгелердің жаңалығы