Еліміздің май зауыттарында шикізат тапшы

Алматыда күнбағыс майын өндірушілердің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығының болжамына сәйкес, биылғы өнім 850 мың тоннадан аспауы мүмкін. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 17%-ға аз.

Биыл күнбағыс тұқымы жауын-шашынның болмауына байланысты аз шықты. Былтырғы жылмен салыстырғанда 17%-ға аз. Егін егетін өңірлерде өнім 30-40%-ға қысқарып қалды. Осы ретте, май зауыттары шикізат тапшылығы жағдайында жұмыс істеуге мәжбүр болатынын атап өткім келеді. Қазір бейінді министрліктерге ел ішінде күнбағыс майы мен жоғары ақуызды жем өндіру үшін шикізатты қалай сақтау керектігін ойластыру қажет, - дейді “Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы” ЗТБ басқарма төрағасы Ядыкар Ибрагимов.

Спикердің айтуынша, бағаны тұрақтандыру мақсатында ішкі нарықта күнбағыс тұқымына экспорттық баж салығы енгізілді. Күнбағыс майы өндірісін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік туған.

Былтырғы жылмен салыстырғанда, тазартылмаған күнбағыс майын шығару 417,6 мың тоннаны құрады. Бұл өткен маусыммен салыстырғанда 50%-ға артық. Ал 2020 жылдың маусымымен салыстырғанда, өсім 2 еседен астам болды. Сондай-ақ май өндірушілер тазартылған май өндірісін өткен маусыммен салыстырғанда 145,3 тоннаға дейін артқанын байқады, - дейді Ядыкар Ибрагимов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы