Еліміздің көп бөлігінде аяз сақталады
Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге, 6 – 8 желтоқсанға арналған ауа айы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанның басым бөлігі алдағы үш тәулікте жоғары қысым алқабының ықпалында болады, осыған байланысты ашық, аязды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Атмосфералық фронттардың әсерінен тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар, тұман, оңтүстігінде көктайғақ болады.
Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді. Түнде 6 желтоқсанда Қарағанды, 7-8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстарында 35 градус аязға дейін болады деп болжануда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астана мен Анкараның арасында тікелей әуе рейсі ашылды
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы