Еліміздің кей өңірінде үсік жүреді
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 28-30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, найзағай ойнап, екпінді жел тұрады.
Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батысы антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы әлі де сақталады.
Түнде және таңертең Қазақстанның солтүстік жартысында, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарын тұман басады.
Еліміздің шығысында 28-29 қыркүйекте түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік сақталады.
Температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасының күндіз 17-23 жылыға дейін, таулы аудандарда 8-13 жылыға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Депутат: Парламент төрінде өтірік әңгіме айтуды қойыңыздар
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы