Еліміздің кей өңірінде бұршақ жауып, дауыл тұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 12 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қазақстанның солтүстік және орталық аудандары антициклонның ықпалында болады. Сондықтан көбіне жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады. Ал еліміздің басқа аумақтарында атмосфералық фронттарға байланысты ауа райы құбылмалы сипатта болады. Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, дауыл соғады. Жел күшейеді.

Оңтүстік-шығыста таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады.

Республиканың кей жерінде бұршақ жауады, дауыл тұрады, күшті жел соғады.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады, жел күшейеді, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерінде шаңды дауыл соғады, бұршақ жауады. Жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл соғады, жел жылдамдығы 25 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерінде найзағай кезінде жел қарқыны 25 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде бұршақ жауады. Маңғыстау облысында күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерінде дауыл соғады, бұршақ жауады. Жел жылдамдығы - 15-20, 25 м/с.

Қостанай, күндіз Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Алматы, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерінде, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы