2 Мамыр 2024 2024, 10:24 Фото: pixabay.com

Еліміздің кей өңірінде 3 градусқа дейін үсік жүреді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазгидромет 2 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Елдің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, онымен шығыста жаңбыр жауады, Қарағанды, Абай, Жетісу облыстарында түнгі уақытта жауын-шашын, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, найзағай, оңтүстік-шығыста - бұршақ, дауыл, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік-батыста - тұман күтіледі, - деді  Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында 1-3 градус үсік күтіледі. Ал Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Абай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында өрт қаупі жоғары.