Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз су тапшылығы орын алған?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов хабарлады.
Оның айтуынша, ауыз суға ең төмен қолжетімділік 88,9% көрсеткішпен Жамбыл облысында байқалып отырған көрінеді.
Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарындағы қала халқы 100% сумен жабдықтау қызметтерімен қамтылған. Сондай-ақ ауылдық жерлердегі ауыз сумен жабдықтаудағы ең жоғары қолжетімділік 98,3% көрсеткішпен Алматы, 98,5%-бен Атырау және 97,6%-бен Қызылорда облыстарында байқалып отыр, - деп атап өтті комитет төрағасының орынбасары.
Ал ауылдық жерлерде су жүйесімен жабдықталу бойынша ең төменгі қолжетімділік Қостанай (64,7%), Шығыс Қазақстан (81,4%), Солтүстік Қазақстан (82,2%) және Жамбыл (82,2%) облыстарында байқалуда.
Көрсеткіші төмен аймақтарға басымды түрде қаражат бөлінуде, бұл артта қалған аймақтар көрсеткіштерін өсіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Ауыл Ел-бесігі» арнайы жобасына және аймақтарды дамытудың кешенді жоспарларына енген ауылдарға басымдық беріледі, - деді Бейбіт Шаханов.
Бұдан басқа, барлық елді мекендерді сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету үшін, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде әрбір ауылды кезең-кезеңімен қамту жоспары әзірленген.
Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің бірқатар ауылына орталық су жүйесі тартылатындығы туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің бірқатар ауылына орталық су жүйесі тартылады
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы