Еліміздің қауіпсіздігі үшін өз өмірін құрбан еткендерге арналған кеш өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның үрмелі оркестрінің "Ел қорғаны" атты концерті өтті. 

Іс-шара күн сайын елорда тұрғындары мен қонақтарының тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін полиция қызметкерлері үшін ұйымдастырылды.

Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Сахнада елордалық филармонияның үрмелі оркестрі өнер көрсетті, оның көркемдік жетекшісі Никита Почиталин, бас дирижері-Дархан Рахымғалиев.

Концерт полиция қызметкерлеріне мерекелік кеш сыйлау және бейбіт күнде еліміздің қауіпсіздігі үшін өз өмірін құрбан еткендерге құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Кеш бағдарламасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қанат пен Светлана Айтбаевтар, Алтынай Жорабаева, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Естай Мұқашев әннен шашу шатты.

Сондай-ақ, "Дарын" жастар сыйлығының лауреаттары Нұрбол Балапанов, Алтынбек Әбілдә, Рухия Байдүкенова, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Алтыншаш Мұқатаева, Мұратбек Хайролда, Талғат Алаберинов, Алтынбек Арыстанбек, Ержан Тоқсабанов, "Әлем" эстрадалық би ансамблі, құрметті қарауыл ротасы және "Айналайын" балалар хоры өнер көрсетті..

Музыкалық кеш санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтай отырып өтті.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы