Еліміз Қарулы Күштерінде пайдаланатын арнайы құралдардың тізбесі жарияланды

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант М. Бектановтың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қарулануында тұрған және пайдаланатын арнайы құралдардың тізбесін бекіту туралы бұйрығы шықты.

Бұйрық «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес жасалғаны айтылған.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қарулануында тұрған және пайдаланатын арнайы құралдардың тізбесіне 15 құрал енген. 

Олар:
1. Соққыға қарсы (қорғау) қалқан.
2. Металл қол кісендері.
3. Көзді жасаурататын газ бар баллон.
4. Арнайы таяқ.
5. Қорғау қалқандарының жиынтығы.
6. Өлімге әкелмейтін қару (жарақаттайтын патрондармен).
7. Байланыс жүйесімен алмалы-салмалы қайырмасы бар соққыға қарсы қорғау дулығалары.
8. Әртүрлі қорғау деңгейіндегі броньды кеудеше.
9. Жарық-дыбысты гранаталар.
10. Көлік құралдарын мәжбүрлеп тоқтауға арналған құрылғылар.
11 Үй-жайларды ашуға арналған құрылғылар.
12. Электрмен естен тандыру құрылғылары.
13. Арнайы дауыс зорайтқыш құрылғылар.
14. Қызметтік иттер.
15. Қашықтықтан әрекет ететін акустикалық құрылғы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы