2 Қазан 2024 2024, 16:05 Фото: pixabay.com

Еліміздің Израильдегі елшілігі азаматтарымыздан қауіпсіздікті күшейтуді сұрайды

Бұл Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан елшілігімен байланыста болуды сұрайды, - делінген Қазақстанның Израильдегі елшілігінің мәлімдемесінде.

Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефон нөмірлері:

+972 (3) 503 78 85 (кезекші)

+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)

+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)

+7 700 111 31 96 (WhatsApp)

Бұған дейін СІМ елдерді күш қолданудан бас тартуға шақырғаны туралы хабарлаған болатынбыз.