Еліміздің индустриялық даму үрдісі қандай?
«Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының кезекті саны еліміздің индустриялық даму үрдісіне арналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биылғы жылдың I тоқсанында салаға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар 208 млн долларды құраған. Жалпы құны 28,1 трлн теңгеге 873 жобадан тұратын инвестициялық пул пысықталуда. Сондай-ақ, релокациялау шеңберінде 24 компания Қазақстанға көшті.
Экономиканы әртараптандыруды және оның шикізат экспортына тәуелділігін азайтуды мақсат еткен елімізде индустриаландыру бағытындағы бағдарламаларға барынша басымдық беріліп жатыр. Соның нәтижесінде нақты стратегиялық жоспарлар бекітіліп, міндеттер қойылды. Ең негізгісі индустриаландыру бағдарламасы өңдеу секторына оң үлес қосудп. Жалпы елімізде салаларда индустриаландыру қалай жүріп жатыр? Индустриаландырудың ел экономикасына қалай әсер етеді?
Арнайы репортажда осы және өзге де сұрақтарға жауап берілді.
«Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының өткен саны еліміздегі ауылдық жерлердің даму бағытына арналған болатын.