Еліміздің екі шахматшысы Азия чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22-24 қазан аралығында онлайн форматта шахматтан қыздар арасындағы Азия чемпионаты өтті. Жарысқа елімізден 11 шахматшы қатысып, оның ішінде төртеуі жүлдеге ие болды.
Әйелдер арасындағы ФИДЕ шебері Ксения Балабаева 16 және Елназ Қалиахмет 12 жасқа дейінгі санатта Азия чемпионы атанды. Жеңімпаздар сертификаттармен марапатталады.
Сондай-ақ 12 жасқа дейінгі қыздар арасында Нұрсұлу Оразалина мен 10 жасқа дейінгілер арасында Айару Алтынбек Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Күміс жүлдегерлерге де күміс сертификаттар табысталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл Маңғыстауда 160 шақырымнан астам жол жаңартылды
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы