Еліміздің екі облысында көлік қозғалысы шектелді
"ҚазАвтожол" ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктердің қозғалысы шектелген аумақтар туралы хабарлады.
"ҚазАвтожол" ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктердің қозғалысы шектелген аумақтар туралы хабарлады.
Ұлытау облысында сағат 14:00-ден бастап ауа-райының нашарлауына байланысты "Жезқазған-Петропавл" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 137-252 шақырымында (Ұлытау кентінен Қостанай облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Жол қозғалысының болжамды ашылу уақыты 2025 жылдың 8 ақпанында сағат 07.00.
Қостанай облысында сағат 14:00-ден бастап ауа-райының нашарлауына байланысты "Жезқазған-Петропавл" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 252-339 шақырымында (Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Жол қозғалысының болжамды ашылу уақыты 2025 жылдың 8 ақпанында сағат 07.00.
Компаниядағылар тәуліктің кез келген уақытында 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы қосымша ақпарат алуға болатынын хабарлады.