Еліміздің бірқатар өңірлерінде төмендетілген тарифтер бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің бірқатар өңірлерінде жалпы сомасы 6,4 млрд теңгеге төмендетілген тарифтер бекітілді.

Бұл туралы  Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұдан бұрын, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті  2020-2021 жылдарға арналған табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік сметасы мен инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есептерді қарау нәтижелері бойынша елдің 7 өңірінде (Нұр-Сұлтан қ., Павлодар, Маңғыстау, Жамбыл, Қостанай, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары) коммуналдық қызметтерге тарифтердің жалпы сомасы     4,3 млрд теңгеге оның ішінде ағымдағы жылдың мамыр айында бекітілген уақытша өтемдік тарифтерді (УӨТ) қоса алғанда, 2021 жылғы есептерді қарау нәтижелері бойынша жалпы сомасы 151,1 млн теңгеге (жылумен жабдықтау қызметтері бойынша – 147 млн тг, сумен жабдықтау – 3,6 млн тг, су бұру – 0,639 млн. тг, электрмен жабдықтау – 0,196 млн тг) төмендегені туралы хабарлады.

Бұған дейін хабарланғандай, ТМРК ТМС-тің тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептеріне талдау жүргізеді.

Бүгінгі күні, ағымдағы жылғы маусым айының қорытындылары бойынша 2021 жылғы есептер бойынша 12 өңірде жалпы сомасы 2,13 млрд теңгеге УӨТ енгізілді (Нұр-Сұлтан қ., Шымкент қ., Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан облыстары бойынша жылумен жабдықтау қызметтері бойынша-266 млн. тг, сумен жабдықтау – 293 млн тг, су бұру – 54 млн. тг, электрмен жабдықтау – 129 млн тг, тауарлы – материалдық қорларды тасымалдау газ – 1,4 млрд тг)

Нәтижесінде, 2022 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша бекітілген ВКТ жалпы сомасы 6,44 млрд теңгені құрайды (бұрын айтылған сомаларды ескере отырып).

Сонымен қатар, Комитет пен оның аумақтық бөлімшелері нәтижелері қосымша хабарланатын монополист-субъектілердің есептерін талдау бойынша жұмысты жалғастыратынын атап өткіміз келеді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы