31 Қаңтар 2025 2025, 18:30 Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды

Бұл туралы Қазавтожол мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қазавтожол мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысы бойынша 31 қаңтар сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "РФ шек. (Жайсан ө\п) – Мәртөк – Ақтөбе (солтүстік айналма жолымен) – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент (солтүстік айналма жолымен) – Тараз (айналма жолымен) – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шек. (Нұр Жолы ө/п)" автожолының 143-214 шақырым аралығындағы учаскесінде (Алматы облысының шекарасынан Қордай ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Абай облысы бойынша 31 қаңтар сағат 18:00-де ауа райының бұзылуына байланысты “Қарағанды - Аягөз - Тарбағатай - Боғас” автожолының 383-900 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қайнар ауылынан Сәтбаев қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. 
Алматы облысы бойынша  31 қаңтар сағат 18:00-де ауа райының бұзылуына байланысты “Алматы-Тараз-Шымкент-Қызылорда-Ақтөбе” автожолының 59-143 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жаңақұрылыс ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Барлық жолдар 2025 жылдың 1 ақпанында сағат 10:00-де ашу жоспарланған.